Егемен Қазақстан icon

Егемен Қазақстан

Egemen Kazakhstan
Free

About Егемен Қазақстан

Жүз жылдық межесіне жақындаған республикалық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Содан бері бұл газетте әр жылдары Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары қызмет істеп, басылымды дамыту, бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру ісіне зор үлес қосты.
Газет өз тарихында «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
Газет тиражы 170 мың дана.
Барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады.
Газеттің өз веб-сайты (egemen.kz), интернет-редакциясы және «Етжеңді» деп аталатын қосымшасы бар.
14 облыста меншікті тілшілері, Алматы қаласында тілшілер қосыны жұмыс істейді.
Акционерлік қоғамда жалпы 100-ден аса адам жұмыспен қамтылған.

Егемен Қазақстан Screenshots

More from Egemen Kazakhstan